Bugin

Қазақстанның тай боксынан әлем чемпионын сыныптасы өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: miaythai_qazaqstan

Қазақстанның тай боксынан әлем чемпионын сыныптасы өлтіргені белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Әли Серіктің 11 жыл бірге оқыған сыныптасы адам өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұған дейін, спортшының пышақ жарақатынан көз жұмғанын хабарлаған едік. Марқұмның туыстары спортшының денесіндегітжарақаттар туралы айтты. 

“Жүрек тұсынан ұрған. Төрт рет. Мойыннан ұрған. Қолында екі пышақ болған ғой. Қос қолдап екеуімен ұрған ғой. Екеуі негізі бір мектепте, бір сыныпта оқыған. Осы үйде ауызашарда болып, ораза кезінде ауыз ашып, көмектесіп жүрген бала еді. Әлимен бірге қар күреп жүретін”, - дейді марқұмның анасы Ақмарал Табысбекқызы.

Әли келер жылы ересектер арасында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысуы керек болған. Бапкері Әлиден үлкен үміт күткенін айтты. 

Әли Серікті пышақтады деген күдікті бірден құрықталып, қамауға алынды.  Күдікті "арамызда туындаған кикілжің, жанжалдың салдарынан пышақ жарақатын салдым” деп түсініктеме берген. Полиция қылмыстың басқа да мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.